Accessibility links

АҚШ: МАГАТЭ есебі Иранның ядролық келісімде емес екенін көрсетті


Құрама Штаттардың айтуынша, БҰҰ-ның атом энергиясы жөніндегі агенттігінің жаңа есебі Теһранның халықаралық ядролық міндеттемелерге толық сай емес екенін көрсетіп отыр.

Мемлекеттік департаменті өкілі Иан Келли Иранның ядролық бағдарламасына байланысты дүйсенбі күні МАГАТЭ жариялаған есептен кейін АҚШ Теһранды қысымда ұстау керек деп біледі деген.

Ол есепте Иранның ядролық жұмыстарының ашықтығы жөніндегі өз міндеттемелерін толық орындамай отырғаны айтылып, жақында Теһранның уран өндіретін орынының бар болып шығуы бұл елдің тағы да құпия ядролық жұмыстары болуы мүмкін деген алаңдаушылықты күшейтті деген.

Және бұл зерттеуде Иран өзінің ядролық жабдықтар орнын Қом қаласында 2007 жылы сала бастағанын айтса, МАГАТЭ зерттеушілері оны салу 2002 жылдан басталғанына дәлел тапқан. БҰҰ-ның агенттігі Ираннан бұл орын туралы көбірек мәлімет беруді сұрап отыр.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG