Accessibility links

АҚШ пен Қытай бірлесе жұмыс істеуге келісті


Бүгін Бейжіңде сапармен жүрген Құрама Штаттар президенті мен Қытай президенті әлемнің ең өзекті мәселесінде бірлесіп жұмыс жасауға келісті, бірақ бірқатар проблемалар бойынша пікірқайшылықтар қалып отыр.

АҚШ президенті Барак Обама қытайлық әріптесімен кездесуден кейін мәлімдегенінде, өздерінің сауда және экономикалық қиындықтарды шешуде бірге жұмыс істеуге келіскенін айтты.

Сондай-ақ Обаманың айтуынша, тараптар желтоқсан айында Копенгагенде өтетін климаттың жылынуына қарсы саммитте жан-жақты келісім болу керек деген тұжырымға келген.

Иран мәселесіне келгенде АҚШ президенті егер Теһран өзінің ядролық бағдарламасы бейбіт мақсатта екенін дәлелдемесе, ислам республикасы оның зардаптарын тартуы мүмкін деді.

Қытай президенті болса, дағдарыс диалог пен келіссөздер арқылы шешілуі керек деп отыр. Обаманың сөзіне қарағанда, Қытай Солтүстік Кореяны ядролық қарусыздандыру жөніндегі алтыжақты келіссөздер мүмкіндігіне тезірек басталуы керек деген.

AzattyqTV

Оңтүстік Қазақстан

Тозығы жеткен Сайрам жолы

XS
SM
MD
LG