Accessibility links

Римдегі азық-түлік тақырыбындағы саммит жалғасуда


Әлемдегі аштық тауқыметін тартып жатқан миллиондаған адамға көмектесуге арналған саммит БҰҰ-ның қаржыландыруға шақыруы қабылданбай қалғаннан кейін де жалғасып жатыр.

Дүйсенбі күні басталған үшкүндік саммитті БҰҰ-ның Азық-түлік және ауылшаруашылық ұйымы ұйымдастырған.

Саммит ашылған бірнеше сағаттан соң, кедей елдердің ауылшаруашылығын дамыту үшін жылына 44 млд доллар бөлу керек деген БҰҰ-ның ұсынысын әлемнің 60 шақты елінің жетекшісі мен министрлері қабылдамай тастады.

Саммиттің алғашқы күнінің соңында 2025 жылға дейін аштықты жою туралы қабылданған декларация да ескерусіз қалды. БҰҰ-ның айтуынша, планетадағы әрбір алты адамның бірі, яғни 1 млд халық құрсағы тойып тамақ ішпейді.
XS
SM
MD
LG