Accessibility links

Қырғыз оппозициясы бағаның өсуіне қарсы шеруге шақырды


Қырғызстанның оппозициялық Атамекен партиясы азаматтарды үкіметтің коммуналдық төлемдерді өсіру жоспарына қарсы шығуға шақырып отыр.

Азаттықтың қырғыз қызметіне берген сұхбатында, Атамекен партиясының жетекшісі Өмірбек Текебаев энергия көзі мен жылу үшін бағаны көтеру халықты жаппай кедейлікке әкеледі деді. Бұдан көбіне мемлекеттік қызметкерлер мен көпқабатты үйде тұратын халық зардап шегеді дейді ол.

Бішкек әкімі Нариман Тілеев те коммуналдық төлемдер бағасының өсу мүмкіндігіне алаңдаушылық танытып, ол азық-түлік бағасын 15 пайызға дейін көтеріп жіберуі мүмкін деді.

Қырғыз үкіметі 2010-2012 жылға арналған жоспарында электр қуаты үшін бағаны екі есеге, ал жылу бағасы 500 пайызға көтеріледі деп хабарлаған.
XS
SM
MD
LG