Accessibility links

Әзірбайжан ішкі ісімізге араласты деп Германия мен Норвегияны айыптады


Бүгін Әзірбайжан Сыртқы істер министрлігі оппозициялық екі блоггерінің түрмеге жабылуын сынаған Германия мен Норвегияны ішкі ісімізге араласты деп айыптады.

Министрліктің мәлімдемесінде, екі елдің Бакудегі елшілері Сыртқы істер министрлігіне шақырылғаны айтылған.

Әзірбайжан сыртқы істер министрінің орынбасары Вагиф Садыков Германия мен Норвегияның бұл оқиғаға қатысты қортындылары негізсіз, еш қабылдауға келмейтіндей әрі Әзірбайжан елімен арадағы байланыстарға сай емес дей келе, бұл біздің елдің ішкі ісіне араласу әрекеті деп мәлімдеді.

Өткен аптада екі оппозициялық блогшы Бакудегі кафеде бұзақылық жасады деген айыппен 24 және 30 айға абақтыға жабылған. Құқық қорғаушы топтар бұл қарсыластарды басуға арналған қадам деді.

Бұл іске қатысты ЕҚЫҰ-ның еуропалық кеңесі де алаңдаушылық танытқан еді.
XS
SM
MD
LG