Accessibility links

Әйгілі режиссер Әзірбайжан Мәмбетов дүниеден озды


Қазақстанның Халық қаһарманы, КСРО Халық әртісі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстанның және Қарақалпақстанның халық әртісі, әйгілі режиссер, қоғам қайраткері Әзірбайжан Мәдиұлы Мәмбетов 77 жасында дүниеден озды.

Кинорежиссер, актер әрі профессор Әзірбайжан Мәмбетов 1932 жылы 2-қыркүйекте РФ Волгоград облысы, Паласовка ауылында дүниеге келген. 1952 жылы Алматы хореография училищесін, 1957 жылы Мәскеу қаласындағы А. В. Луначарский атындағы Мемлекеттік театр өнері институтының режиссерлік факультетін бітірді.

Ол М.Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында режиссер, «Мосфильм» киностудиясында режиссер-стажер, «Қазақфильм киностудиясының директоры болып қызмет істеді. Өмірінің соңғы шағында Астанадағы Қ. Қуанышбаев атындағы қазақ музыкалық драма театрының жетекшісі қызметін атқарды.

Режиссерлық еңбек жолын 1957 жылы бастаған Әзірбайжан Мәдиұлы Қазақтың мемлекеттік академиялық драма театрында Ш. Хұсайыновтың «Ертіс жағасында», Қ. Мұхамеджановтың «Бөлтірік бөрік астында», М. Әуезовтің «Айман-Шолпан», Қ. Байсейітов пен Қ. Шаңғытбаевтың «Беу, қыздар-ай», Лопе де Веганың «Қызғаныштан махаббат» секілді көптеген пьесаларын сахналап, көпшілік жүрегінен кең орын алған «Ән қанатында», «Қан мен тер», «Жаушы» фильмдерін қойған.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG