Accessibility links

Қостанайда ақша ұрлады деп күдіктелген банк қызметкеріне іздеу жарияланды


Қостанай облысында 34 миллион теңге ұрлап кетті деп күдіктелген банк қызметкері мен оның сыбайласына іздеу жарияланды, — деп хабарлайды Новости-Казахстан агенттігі.

Облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл қылмысқа қатысты 25 жастағы екі қостанайлық күдіктеліп отыр.

«Банк қызметкері мен ірі көлемдегі қаржының жоғалғаны 16-қараша күні белгілі болды, ұрлық банкоматты сындыру арқылы жасалған, қазір қаржының нақты көлемі анықталуда», — деді облыстық ІІД мемлекеттік тіл және аұпарат басқармасының бастығы Елена Кашарина.

XS
SM
MD
LG