Accessibility links

Сараевода халықаралық өкілдік мәселесі талқыланады


Ресмилер бүгін Сараевода кездесіп, халықаралық өкілдіктің мандатын ұзарту туралы мәселені талқылайды. Жоғарғы өкілдік кеңсесі 1992-95 жылдарғы қақтығысты аяқтау туралы келісімнің жүзеге асуын қадағалау үшін құрылған болатын.

Бейбітшілік үдерісін жүзеге асыру жөніндегі кеңсенің мүшелері Сараеводағы кездесу барысында Жоғарғы өкілдік кеңсесін жабу үшін қойылған шарттардың орындалу мәселесін талқылайды.

Соғыстан кейін Босния жартылай тәуелсіз екі аймаққа, яғни Босниялық сербтер республикасы мен Мұсылман-Хорват федерециясына бөлінді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG