Accessibility links

Пәкістан армиясы Талибан базаларын басып алғанын айтты


Пәкістан армиясы Оңтүстік Вазиристанда Талибанның негізгі базаларын басып алғандарын хабарлады. Сейсенбі күні үкімет күштері журналистерді тікұшақпен Ладха және Сарарога қалаларына алып барып, ауған шекарасына жақын жерде бүлікшілерге қарсы операцияларын көрсетті.

Әскерилердің баспасөз хатшысы генерал-майор Атхар Аббастың мәлімдеуінше, кей бүлікшілер аймақтан қашып кеткен болуы мүмкін. Бірақ әскерилер жасырынып жүрген содырларды табады деді Аббас. Оның айтуынша, қазанның 17-де басталған операцияларда 500-ден астам бүлікші өлтірілген, сондай-ақ 70 сарбаз құрбан болған.

Бұл мәліметтер тәуелсіз түрде расталмай отыр.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG