Accessibility links

НАТО Ресей-Беларусь жаттығуларына алаңдаулы


НАТО таяуда Польша шекарасында Ресей мен Беларусь елдері өткізген әскери жаттығуларға байланысты алаңдаушылық білдірді. НАТО баспасөз хатшысы Джеймс Апатурай журналистердің алдында сөйлеген сөзінде бұл жаттығулар Мәскеу мен НАТО арасындағы қарым-қатынастардың жақсаруына қарсы келеді деп атап көрсетті.

Қыркүйек айындағы әскери жаттығуларға 12 мыңнан астам сарбаз қатысты. Оған сондай-ақ 200-ден аса танк пен 470 әскери көлік және 100 ұшақ жұмылдырылды. Апатурайдың айтуынша, бұл "қырғиқабақ соғысы аяқталғаннан кейін" Ресей өткізген ең ірі жаттығулар болған.

AzattyqTV

28 наурыз

AzatNews

XS
SM
MD
LG