Accessibility links

«Халыққа баспана қалсын» қозғалысының жетекшісі әкімшілік жауапкершілікке тартылуда


Бүгін Алматы қаласының әкімшілік сотында «Халыққа баспана қалсын» борышкерлер қозғалысының жетекшісі Есенбек Үктешбаевқа қарсы сот процесі өтеді. Оны АФН мен «Нұр Отан» ХДП Алматы филиалының ғимаратында рұқсат етілмеген демонстрация ұйымдастырды деп айыптап отыр, — деп хабарлады Азаттық радиосына бастамашыл топ өкілдері.

Қозғалыс өкілдерінің мәліметінше, Есенбек Үктешбаев ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 373-бабы, 3-тармағы бойынша 15 тәулікке қамалуы мүмкін, онымен бірге аталған қозғалыстың белсендісі Сұлубике Жақсылықова да осы баптың 1-тармағы бойынша айыпталып отыр.

XS
SM
MD
LG