Accessibility links

Карзай ант қабылдады


Президент Хамид Карзай Ауғанстанның "жазасыздық мәдениетіне" нүкте қойылады деп уәде етті. Бұл туралы ол бүгін ант қабылдау рәсімінде мәлімдеді. Биліктегі екінші бесжылдық мерзімін бастап отырған Карзай Кабулдағы инаугурациясында сөйлеген сөзінде жаңа үкіметтегі министрлер халыққа қызмет етуде профессионалды деңгейге сай келуі тиіс деп атап көрсетті.

Инаугурацияға тайпа жетекшілері мен шетел ресмилері қатысты. Олардың арасында АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон мен Пәкістан президенті Асиф Али Зардари болды.

Карзай қарашаның 2-де президент етіп сайланды. Оның алдында Карзайдың негізгі қарсыласы Абдулла Абдулла сайлаудың екінші сатысына түспейтіндігін жариялаған болатын.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG