Accessibility links

Еуропалық сот Украинадан Қазақстан сұратқан азаматты бермеуін талап етті


Адам құқығы жөніндегі еуропалық сот Украинадағы абақтыда отырған Қазақстан азаматы Әмір Қабыловты экстрадициялауға тыйым салды.

Бұған дейін Қазақстанның бас прокуратурасы Қабыловтың шағымына және оны Украинадан еліне экстрадициялауға қатысты шешімін тездетуін сұрап Адам құқығы жөніндегі еуропалық сотқа өтініш жолдаған болатын.

Прокуратураның ақпараты бойынша, Қабыловты Украинаның құқық қорғау органдары Қазақстанда аса ауыр қылмыс жасаған деген күдікпен 2004 жылы ұстаған. Қабылов өзінің тұтқындалуының заңсыз екендігін айтып Еуропалық сотқа шағымданған, соған байланысты оны Қазақстанға экстрадициялау процесі тоқтап қалған.

Бұдан бөлек, прокуратураның мәліметінде Қабыловтың бес жыл бойы Украинада қамауда отырғандығы, сол арқылы оның еркіндігі мен өз құқығын сотта қорғау құқығы бұзылғандығы баяндалған.
XS
SM
MD
LG