Accessibility links

ЕуроОдақтың жаңа басшыларының тағайындалуы түрлі пікір туғызды


Еуропа Одағының жоғары лауазымдарына онша танымал емес екі тұлғаның тағайындалуы әртүрлі пікір туғызып отыр.

Бейсенбі күні Брюссельде ЕуроОдақ жетекшілері Бельгия премьер-министрі Херман Ван Ромпуйды одақтың президенті етіп, ал ЕуроОдақтың сауда бойынша комиссары Кэтрин Эштонды одақтың сыртқы саясат басшысы етіп тағайындаған болатын.

Еуропа Комиссиясының президенті Жозе Мануэль Баррозу ЕуроОдақ басшылығына бұдан да жақсырақ кандидаттарды таңдау мүмкін емес деп атап көрсетті. Германия канцлері Ангела Меркель Эштонның тағайындалуы Британияға адамдардың құрмет көрсетуінің белгісі деп мәлімдеді.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтонның айтуынша, бұл тағайындаулар Еуропа мен оның әлемдегі ролі үшін маңызды оқиға боп табылады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG