Accessibility links

Боснияда Жоғарғы өкілдік кеңсесінің мәртебесі өзгермеді


Босниядағы бейбітшілік үдерісін бақылайтын халықаралық ұйымның айтуынша, Босния мен Герцеговинадағы Жоғарғы өкілдік кеңсесінің мәртебесі өзгермейді. "Азат Еуропа Азаттық" радиосы Балқан қызметінің хабарлауынша, Австрия дипломаты Валентин Инзко Бейбітшілікті жүзеге асыру жөніндегі кеңестің екікүндік кездесуінде бұл мәселе талқыланбады деген.

Оның айтуынша, Босния мен Герцеговина әлгі кеңсені жабу үшін қойылған талаптарды орындамаған. Бірақ халықаралық қауымдастық Жоғарғы өкілдік кеңсесін жабу соңғы мақсат, яғни Боснияның Еуро-Атлантикалық интеграциясы бағытында жасалатын қадам деп сенеді деді Инзко.

Бейбітшілікті жүзеге асыру жөніндегі кеңес Боснияның Еуропа Одағы мен НАТО-ға мүше болуға ұмтылыстарындағы алғабасушылықтарын бақылайды.
XS
SM
MD
LG