Accessibility links

Мәскеуде оппозициялық белсенді тұтқындалды


Ресейдің "Біріккен азаматтық майданы" белсендісі Владимир Тутаев бүгін Мәскеуде тұтқындалды деп хабарлайды Азаттық радиосының орыс қызметі. Бұл оппозициялық қозғалыстың директоры Ольга Курносованың айтуынша, Тутаев абақты орталығының жанында қамауға алынған. Тутаев оппозициялық "Басқа Ресей" коалициясының жетекшісі Эдуард Лимоновты қолдап, наразылық акциясын өткізіп жатқан болатын деп хабарланып отыр.

Лимонов қазан айында Мәскеуде рұқсат етілмеген шеру өткізгені үшін онкүндік түрме жазасын өтеп жатыр.
XS
SM
MD
LG