Accessibility links

Иран ядролық нысандарын қорғауды күшейтеді


Иранның әскери қолбасыларының бірі мәлімдегендей, ресми Теһран өзінің ядролық бағдарламасы нысандарын қорғау мақсатында әуе соққысынан қорғану күштерінің жаттығуларын өткізуді жоспарлап отыр.
ФАРС ақпарат агенттігі Иран қарулы күштері әуе шабуылдарынан қорғану әскерінің штаб бастығы, бригада генералы Ахмад Миғанидің «әуе соққысынан қорғану күштерінің осы аптадағы жаттығулары елдің ядролық нысандарын қорғау мақсатын көздейді» деген сөзін жариялады.
Ресми ИРНА агенттігінің хабарлауынша, таңдаулы Ислам төңкерісі сақшыларының корпусы мен тұрақты армияның бөлімдері қатысатын әскери жаттығулар Иран күнтізбесі бойынша сенбі күні басталатын жаңа апта барысында өтеді. Жаттығулардың басқа жай-жапсары хабарланбады.
XS
SM
MD
LG