Accessibility links

В.Путин «Біртұтас Ресей» партиясының сиезінде


Ресей премьер-министрі Владимир Путин Ресей өзінің экономикасын жетілдіріп, шикізат экспортына деген тәуелділігін жеңілдетуге тиіс деп есептейді.
«Біртұтас Ресей» партиясының сенбі күні С.Петерборда басталған сиезінде осы партияның көсемі ретінде негізгі баяндамамен сөйлеген сөзінде В.Путин осылай деп мәлімдеді.
Сиезге президент Дмитрий Медведев те қатысып, сөз сөйледі.
600-ден астам делегат партияның жаңа бағдарламасын қабылдауға тиіс. Мемлекеттік думаның спикері Борис Грызловтың сөзіне қарағанда, жаңа бағдарламада «партияның жаңа уағыздамасы (идеологиясы) – ресейлік консерватизм – айқын көрсетілген». «Біртұтас Ресей» партиясының жарғысына да өзгеріс енгізіліп, партия басшылығы қайта сайланады.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG