Accessibility links

Милибэнд: НАТО болмаса Ауғанстан билігі 1 аптаның ішінде құлар еді


Ұлыбританияның сыртқы істер министрі Дэвид Милибэнд егер НАТО әскерлері Ауғанстаннан дереу шығатын болса, онда қазіргі ауған билігі бір аптаның ішінде құлайтын еді деп санайды.
Сенбі күні The Guardian газетіне берген сұхбатында Милибэнд халықаралық коалицияның әскері болмаған күнде көтерілісшілердің ауған армиясын дереу талқандайтынын атап көрсетті.
Ауғанстан президенті Хамид Қарзай ұлттық армияның 5 жылдың ішінде елді қорғауға қабылеті жетеді деп үміттенетінін мәлімдеді. Милибэндтің сөзіне қарағанда, халықаралық қауымдастықтың күштері Ауғанстанда қажеттігі болғанша ғана қалады, одан көп уақытқа қалуға ешқандай желеу іздемейді.
XS
SM
MD
LG