Accessibility links

Иран ірі әскери жаттығуын бастады


Жексенбіде Иранның әуе соққысынан қорғаныс күштері ірі әскери жаттығуын бастады. Армия басшылығының өкілі хабарлағандай, жаттығудың басты мақсаты – елдің ядролық нысандарын әуе соққысынан қорғау жүйесін жетілдіру болып табылады.
Бригада генералы Ахмад Меғани мәлімдегендей, егер Ресей Теһранға С-300 зымырандық қаруын сатудан бас тартқан күнде, әуе соққысынан қорғанудың өзіндік жүйесін құрастырып шығаруға Иранның мүмкіндігі бар.
Одан бұрын Израиль Иранның ядролық қаруға қол жеткзуіне жол бермеу үшін оның ядролық нысандарына әуеден соққы беруі мүмкін екенін мәлімдеген болатын.
XS
SM
MD
LG