Accessibility links

Румынияда президент сайлауы өтіп жатыр


Жексенбі күні Румынияда кезекті президент сайлауы басталды. Президент тағы үшін 12 үміткер бақ сынауда.
Соңғы қоғамдық сауалнамаға қарағанда, қазіргі мемлекет басшысы Траян Басеску мен Сенат спикері әрі Социал-демократиялық партияның көсемі Мирчэ Джоанэнің жеңіске жету мүмкіндіктері әлдеқайда басым көрінеді. Сайлаудың екінші турына да осы екеуі шығатын тәрізді.
Президент сайлау үкімет дағдарысы кезінде өтіп жатыр. Қазан айында парламент қазіргі президентке жақын Эмиль Боктың үкіметіне сенімсіздік білдірді. Бірақ жаңа үкімет әлі де құрылмады. Жаңа сайланған президент жаңа премьер-министрді тағайындап, үкімет жасақтауды жүктеуге тиіс.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG