Accessibility links

АҚШ-та жаппай сақтандыру жүйесі енгізіледі


Жексенбі күні АҚШ Сенатында денсаулық сақтау саласын реформалауды көздейтін президент Барак Обама мақұлдаған заң жобасын талдау басталды. Сенаторлардың көпшілігі заң жобасын пленарлық отырыстың күн тәртібіне қою ұсынысын қолдап шықты. Бұл шешімді барлық 60 демократ-сенатор қолдап дауыс берді.
Америкада көп мәселемен қатар жаппай медициналық сақтандыру жүйесін енгізуді қарастыратын жобаны одан бұрын Конгрестің Өкілдер палатасы мақұлдаған болатын.
XS
SM
MD
LG