Accessibility links

Индонезияда бірден 2 кеме апатқа ұрынды


Индонезияда жексенбі күні Суматра аралының маңайында су түбіне кеткен кеменің 170-тен астам жолаушысы құтқарылды. Хабарға қарағанда, 1 ғана жолаушы қаза тапқанға ұқсайды. Dumai Express 10 кемесінде бас-аяғы 240 адам, оның ішінде 15 сәби болған. Кеме үлкен толқынның кесірінен төңкерілген. Батам және Моро аралдарының арасында қатынайтын тағы бір кеме күшті толқынның салдарынан саязға тұрып қалды. 280 жолаушы мен кеме ұжымы түгел аман.
Индонезияда жыл сайын су кемелерінің апаттарынан жүздеген адам опат болады. Қайғылы оқиғалар көбіне кемелердің техникалық халі мен жолаушылардың тым көп отыруынан болады.
XS
SM
MD
LG