Accessibility links

Украинада соңғы тәулікте тұмаудың асқынуынан 11 адам қаза болған


Тұмау эпидемиясы мен ОРВИ диагнозынан 374 украиндық көз жұмды, мұның ішінде соңғы тәуліктерде тұмаудың асқынуынан қаза болған 11 адам бар, — деп хабарлады РИА Новости Украинаның денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

Украинада тұмау эпидемиясы қазан айының соңында басталған еді. Содан бері елдің 1,576 миллионнан аса тұрғыны ауруға шалдығып, 93,8 мыңы ауруханаға түскен. Соңғы тәулікте ауруханаға жатқызылған 2,4 мың адамның 225-і жан сақтау бөлімінде, ал 28 науқастың өкпесіне жасанды жолмен ауа жіберілуде.
XS
SM
MD
LG