Accessibility links

Астанадағы халықаралық конференция биік нысандардың қауіпсіздігін талқыламақ


Ертең Астанада биік нысандардың қауіпсіздігі жөнінде «HIGHRISE SAFETY - 2009» атты халықаралық конференция басталады.

Жиынды ұйымдастырып отырған ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, конференцияның мақсаты биік нысандардың қауіпсіздігі мәселесіндегі заңнамалық базаны оңтайландыруға арналған.

Ұйымдастыру комитетінің мәліметінше, Қазақстанда өте биік 486 көпқабатты ғимарат бар екен және олардағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі өте өзекті.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG