Accessibility links

Астанадағы көкөніс қоймасындағы өрт техникалық ақаулардан шыққан деп хабарланды


Астанада көкөніс қоймасының өртенуіне техникалық ақаулар түрткі болған деп хабарлады төтенше жағдайлар жөніндегі министрлік өкілі.

Мекеменің өрт қауіпсіздігі басқармасының басшысы Александр Кузнецовтың айтуынша, қоймадан электрожелімдегіш аппарат және тез тұтанғыш материал болғаны анықталған. Комиссия жұмысы әлі аяқталған жоқ.

9 қараша күні Астанадағы көкөніс қоймасынан өрт шығып, тілсіз жау 14 адамның өмірін жалмаған болатын. Қайғылы оқиғадан қаза болғандардың ішінде Ресейдің бес азаматы бар.
XS
SM
MD
LG