Accessibility links

Грузияда оппозицияның үш көсемі тұтқындалды


Грузияда оппозициялық жастар партиясының үш көсемі ұсталды деп хабарлады Азаттық тілшісі.

«7 қараша» жастар ұйымының басшылары Дачи Цагурия, Джаба Джишкариани және Ираклий Кордзая дүйсенбі күні түнде Тбилисидегі орталық кітапхана маңында тұтқындалды. Сол сәтте кітапханада «раушан революциясының» алты жылдығына орай салтанатты шара өтіп жатқан болатын. Оған Грузия президенті Михаил Саакашвили және Испанияның бұрынғы премьер-министрі Хосе Мария Азнар қатысты.

Сейсенбіге қараған түні сот оппозициялық ұйым басшыларына 500 лари (шамамен 300 доллар) айыппұл салды. Айыпталушылар сот шешіміне шағым түсіруді көздеп отыр.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG