Accessibility links

Түркмен президенті Италияға сапарын бастауда


Түркменстан президенті Гурбангұлы Бердімұхамедов бүгін Италияға екікүндік сапарын бастап отыр. Ол Италия ресмилерімен кездесіп, энергетика саласындағы ынтымақтастықты нығайту мәселесін талқылайды.

Екі жақ бірнеше келісімге қол қояды деп күтілуде. Сонымен қатар Римде Түркменстан-Италия бизнес форумы өтеді. Түркменстан үкіметінің интернеттегі парақшасындағы мәліметке сәйкес, Бердімұхамедовтың Италияға сапары "Түркменстан мен Еуропа Одағы арасында конструктивті диалогты дамыту жолындағы маңызды қадам" боп табылады.

ЕуроОдақ "Набукко" газ құбыры жобасын қолдайды. Бұл құбыр арқылы Ресейдің қатысуынсыз Еуропаға Түркменстан сияқты елдерден көгілдір отын тасымалданады деп жоспарланып отыр.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG