Accessibility links

Қазақстан: Ауғанстанда тұрақтылық орнатылуы маңызды


Қазақстан Ауғанстанда тұрақтылық орнатылуын 2010 жылы өзінің Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы төрағалығындағы басты мақсаттарының бірі деп есептейді. Бұл туралы Вашингтонда сапармен жүрген Қазақстан қорғаныс министрінің орынбасары Болат Сембинов дүйсенбі күні ИТАР-ТАСС ақпарат агенттігіне берген сұхбатында мәлімдеген. Алайда Астана Ауғанстанға өзінің әскери нұсқаушыларын жіберуді қарастырмай жатыр деп атап көрсетті Сембинов.

Оның алдында Қазақстан ауған мамандарын жаттықтыруға көмектеспек деп хабарланған болатын. Ауғанстанға сапармен барған Қазақстан сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев алдағы бес жылда Астана ауған мамандарын жаттықтыруға шамамен 50 миллион доллар бөлмек деп мәлімдеді.

AzattyqTV

Астанадағы зират

Элитаға пантеон керек пе?

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG