Accessibility links

Ирақта ұлттық сайлаулар қаңтарда өтпеуі мүмкін


Ирақ сайлау комиссиясының басшысы Фараж әл-Хайдаридің мәлімдеуінше, елдегі ұлттық сайлаулар қаңтар айында өтпеуі мүмкін. Бұдан бұрын жасалған жоспарға сәйкес, сайлаулар қаңтардың 18-23 аралығында өтуі тиіс болатын бірақ Ирақ вице-президенті Тареқ әл-Хашеми өткен аптада сайлау туралы заң жобасы шетелдегі ирақтықтарға жеткілікті орын бермейді деп оның бір бабына вето қойған болатын.

Дүйсенбі күні ел парламенті толықтырылған заң жобасын президент кеңесіне тапсырды. Бұл заң дауыс берулерден 60 күн бұрын мақұлдануы тиіс.
XS
SM
MD
LG