Accessibility links

Ресей адвокаттың өліміне байланысты қылмыстық іс қозғады


Ресей тергеушілері билік пен Лондонда орналасқан ірі инвестициялық "Эрмитаж" қоры арасындағы істе негізгі куәгердің өліміне байланысты қылмыстық іс қозғады. Бұған президент Дмитрий Медведев бұйрық берді.

Ресей прокурорларының айтуынша, 37 жастағы адвокат Сергей Магницкий дүйсенбі күні түрмеде жүрек ауруынан қаза болған.

Салық төлеуден бас тартты деп айыпталған "Эрмитаж" құрылтайшыларының бірі Билл Браудерге қатысты істе Магницкий күдікке ілінген болатын. Билік орындары ұлттық қауіпсіздікті сылтауратып, Британия азаматы Браудердің Ресейге баруына тыйым салған еді. Браудер Ресейдің ірі компанияларында ашықтықтың болуын талап еткен-ді.

Өткен жылы қамауға алынған Магницкийге астыртын әрекетке қатысы бар деген айып тағылды. Бірақ оның ісі ешқашан сотқа жеткізілмеген. Магницкийдің адвокаттары оның денсаулық жағдайы түрмеде нашарлағанын айтқан болатын.

AzattyqTV

Әлеуметтік желіге шолу

"Қызықстанның нұрлы жолдары"

XS
SM
MD
LG