Accessibility links

Қазақ министрлері хиджабқа қатысты қарама-қайшы көзқарас ұстанады


Мұсылман әйелдеріне суға түскенде киюге арналған бұл киім үлгісі – буркини деп аталады.
Мұсылман әйелдеріне суға түскенде киюге арналған бұл киім үлгісі – буркини деп аталады.

Орталық Аззияда кейбір елдер мұсылман әйелдерінің киімдерін саяси нышан деп қарап, оны киюге тыйым енгізген. Францияда мұсылман әйелдердің суға түскенде киетін арнайы киімі – буркини киюге тыйым салынған. Ал Қазақстанда хиджаб кию мәселесіне министрлер қарама-қайшы пікірлер айтып отыр.

ЕКІ МИНИСТР ЕКІ ТҮРЛІ ПІКІР АЙТАДЫ

Қазақстанда екі мемлекеттік мекеме басшыларының бір-біріне қарама-қайшы пікір білдіруі – елдегі хиджаб киетін қыз-келіншектерді әбігерге түсірді.

Биыл республиканың Әділет министрі Рашид Түсіпбеков өзінің блогындағы сұрақтарға жауап беру барысында оқушылардың мектепте хиджаб киюіне толық құқы бар екенін мәлімдеген болатын. «Ата заң бойынша, азаматтардың діни көзқарасына шектеу қойылмайтынын»
алға тартқан ол мемлекет азаматтардың діни сенім бостандығын толық сақтайды деген еді.

Алайда көп кешікпей, Қазақстанның Білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаевтың блогында бір оқырман ислам дінін қабылдаған оқушы қыз балаға хиджаб киіп, сабаққа келуіне тосқауыл болмайтындай қандай құжат бар екенін сұрайды. Өз сөзінде Жансейіт Түймебаев мектеп формасын негізге ала отырып, былайша жауап берді:

«Білім туралы» заңға сәйкес білім мекемелерінде діни ұйымдардың жұмыс істеуіне тыйым салынған. Демократиялық және зайырлы елде хиджаб адамның діни ұстанымын айқындап тұрады. Бұл жалпы білім беретін мектептің алдына қойып отырған міндеттерімен сәйкес келмейді. Сол себептен еліміздегі мектептерде діни ұстанымын көрсететін киім киюге тиым салынып, бәріне бірдей мектеп формасын кию ұсынылған».

Осылайша хиджабқа қатысты мәселеде Қазақстан үкіметінің мүшелері жікке бөлініп отыр.

«ЗАҢ ХИДЖАБ КИЮГЕ ТЫЙЫМ САЛМАЙДЫ»

Мамандар, соңғы уақыттары, әсіресе жастар арасында дінге бет бұрғандардың саны артып отырғандығын айтады. Дін өкілдері оны жағымды құбылыс ретінде қабылдағанымен, қоғамда оның басы ашылмай тұрған тұстары да бар. Оның бірі және ең өзектісі – білім ордаларындағы қыз-келіншектердің басына орамал тағып жүруі. Бұл мәселе бірқатар жерде даудың шығуына да себепші болды.

Үстіміздегі жылдың басында, Қарағандыда мектеп басшылары хиджаб таққан оқушыларды қысымға алды. Орамал таққан екінші сынып
Әзірбайжандық оқушы мұсылман қыз, Баку.
оқушысы Назерке Амановаға сыныптастарының көзінше жекіген мектеп басшылығы оны хиджабын шешуге мәжбүрлеген. Ал қыздың ата-анасы ұстаздардың әрекетіне қарсылық білдіріп, сотқа шағымданған.

– Біз үйде басқаша тәрбие береміз. Орамал тарту арқылы дініміз бен мәдениетімізді сақтаймыз десек, мұғалімдер бұған қарсы шығады. Дін бостандығына шектеу келтірсе, арты жақсы болмайды, – дейді Назеркенің әкесі Аян Аманов.

Алайда, ұстаздар қауымы басын тұмшалап орап алу қазақтың ежелгі дәстүрінде болмаған дегенді алға тартып отыр. Ол тіпті оқушының үлгеріміне де әсер етеді деген уәж айтады.

– Орамал тартқан бала басқа балалардан бөлек тұрады: көзге шыққан сүйелдей. Бұл оқушының үлгеріміне де кері әсер етеді, – дейді Қарағанды қалалық білім беру мекемесінің бөлім басшысы Баян Нұртаева.

Назеркенің және өзге де оқушы қыздардың құқын қорғаған Қарағанды қаласындағы «Гарант» тұтынушылар құқығын қорғау ұйымының заңгері Жасұлан Айтмағамбетов Азаттық радиосына былай деді:

– Бірде-бір заңда «қоғамдық орындарда орамалмен жүруге болмайды» деген тыйым жоқ. Сондықтан, мектеп қабырғасында «хиджаб кигізбейміз» дейтін мектеп директорларынің өздері заң бұзып отырғандықтарын елемейді. Қарағандыда 2009 жылдың өзінде осыған ұқсас 4 оқиға болды. Айта кету керек, ол істердің тек біреуі ғана сотқа жетті. Ал қалғандары екіжақты келісімге келумен аяқталды. Назерке де қазір өз мектебінде, басындағы орамалымен білім алып жатыр.

БАЛАМА ЖОЛ

Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы (ҚМДБ) әзірге бұл дауға қатысты өз ұстанымын жарияламағанымен, ара-тұра берген сұхбаттарында «хиджаб – әйел адамға парыз екендігін» айтады. Мұсылман киіміне балама ретінде имамдар Исламдағы талаптар мен
Базарға сауда жасап келіп тұрған өзбекстандық мұсылман әйел. Тәшкент, қазан, 2007 жыл.
бүгінгі сән үлгісін біріктірген бірыңғай мектеп формасын ойластыру қажет екендігін айтуда.

– Жастардың ата дінімізге келіп, сол дінді ұстанғаны қуанарлық нәрсе. Себебі, тәрбиелік тұрғыдан алып қарасақ, қазір қыз балалар да, ер балалар да әртүрлі киінеді. Көрсеңіздер, жарты денесін ашып жүреді. Ешкім, ешқашан оларға тыйым салу сияқты мәселені көтерген емес, – дейді республикалық телеарналардың біріне сұхбат берген ҚР әділет министрлігінің діни істер жөніндегі комитеті төрағасының орынбасары Қайрат Төлесов.

Соңғы кезде жиі дау-дамай тудырып жүрген мәселенің шешімі – мектепке арналған арнайы хиджаб үлгісін бекіту, дейді министрлік өкілі.

Бұл бағытта ҚМДБ-мен бірге арнайы келісім жоспарланған. Оған сәйкес, мектепке киюге ыңғайлы арнайы киім үлгісі бекітілмек. Кей сарапшылар хиджабты бұрынғы формалармен салыстыруға болады дейді. Себебі, олардың жағасы, жеңі ұзын, етегі, белі қынамалы келеді.

Алайда, формамен хиджабтың мәселесі шешілмейтін көрінеді. Өйткені, егер мектеп формасында хиджабты кию міндеттелсе, Ислам дінін ұстанбайтындар оған наразылық білдіруі мүмкін. Ал егер хиджаб міндеттелмесе, бүгінгі жағдай сол қалпында қала бермек.

ОРТА АЗИЯ ЕЛДЕРІ ОҚУ ОРНЫНДА ХИДЖАБ КИЮГЕ ТЫЙЫМ САЛҒАН

Орта Азия елдерінде тұрғындардың басым көпшілігі мұсылман болғанымен ресми түрде олар зайырлы мемлекеттер болып саналады. Аймақтағы елдердің басшылығы исламдық экстремизм арқылы билікке қауіп төнуі мүмкін деген сеніммен, діни фанатизмді қатты бақылауда ұстағанды жөн санап отыр.

Хиджаб киіп отырған қырғызстандық бойжеткендер. Жалал-Абад, мамыр, 2008 жыл.
Мәселен, Қырғызстан мен Тәжікстан үкіметтері, ел ішіндегі хиджаб киюші қыз-келіншектердің көбеюін алға тартып, орта және жоғарғы білім беру ордаларында орамал тағуға тыйым енгізген.

Ал Өзбекстан үкіметі тіпті қоғамдық орындарда да хиджаб киюге тыйым салған. Одан өзге аталған мемлекетте ислам діні аса кең таралған Өзбекстанның оңтүстігіндегі мектеп пен университеттерде хиджаб киіп жүруге рұқсат жоқ.

Өзбек билігі Тәуелсіздік күні мерекесінде де әйелдерге хиджаб киюге тыйым салып отыр. Бұл шешімдерін олар, «әйел-террористер кең орамалдарын бомба тығу үшін пайдалануы мүмкін», – деп түсіндірмек болады.

Алайда, көптеген мұсылман әйелдері бұл жайтты күлкілі деп санайды.

Мұсылман әйелдерінің шомылуға арналған костюмі – буркинидің дизайнері әрі жасап шығарушысы Ахеда Дзанеттидің пайымдауынша, Өзбек үкіметінің мұсылман әйелдеріне орамал байлатпау үшін «терроризмнен қауіптенгендіктен» деген уәжі ақтауға келмейтін, қисынсыз сылтау ғана.

«Мен бомбаны ішкі киімде де тыға аламын. Өйткені, қазір бомбалар қанша қуатты болса да пішіні кішірейе түсуде», – дейді дизайнер.

МҰСЫЛМАН КИІМІНЕ САРКОЗИ ДЕ ҚАРСЫ

Еуропа елдерінде көптеген мұсылман әйелдері исламдық киімге қатысты тыйымды қабылдағысы келмейді. Әйтсе де, Франция шенеуніктері біраз уақыттан бері мұсылман әйелдерінің киіміне тыйым салуды көздеп отыр. Франция президенті Николя Саркози ислам
Мұсылман әйелі Голландияның Зволле қаласындағы бассейннің аумағында буркини киімін көрсетіп отыр. Кейінірек осы бассейннің әкімшілігі мұсылман әйелдеріне буркини киіп суға жүзуге тыйым салды. 23 ақпан 2008 жыл.
әйелінің киіміне қатысты өзінің жеке көзқарасын мәлімдеді. Оның пайымдауынша, мұндай киім киген әйел пердеге тұмшаланып, қоғамдық өмірден тыс қалған, өзіне тән дарашылдықтан айырылғандай әсер қалдырады.

Алайда, американдық антрополог әрі «Француздар неге орамалды жақсы көрмейді?» деген кітаптың авторы Джон Боуэннің айтуынша, Саркози исламдық киімді исламдық экстремизм сияқты айтарлықтай маңызды мәселені шешуде пайдаланып отыр.

«Орамал – әйел адамдарды жәбірлейді деген сенімнің ешқандай дәлелі жоқ», – дейді Джон Боуэн.

Дегенмен Францияның ресмилері ислам киімін киюге, оның ішінде мектепте орамал тағуға тыйым салды.

Жуырда, француз заң шығарушылары қоғамдық бассейндерге буркини деп аталып кеткен (капюшоны бар, өзі қолпылдап бос тұратын гидрокостюм) мұсылман әйелдерінің шомылуға арналған костюмдерін киіп келуге болмайтындығын айтты.
XS
SM
MD
LG