Accessibility links

Иран елде наразылық шараларына жол бермейтіндігін оппозицияға ескертті


Иранның заң орындары жаппай наразылық шеруіне жол бермеу жайында оппозицияны ескертті. Бұған дейін иран оппозициясы Студенттер күні – желтоқсанның 7-інде көшеге шығып, биылғы жылы маусым айында елде өткен президент сайлауының ресми қортындысына наразылық білдіретіндерін мәлімдеген болатын. Оппозиция ол сайлаудың шынайы нәтижесі бұрмаланды деп санайды.

Биылғы президент сайлауында екінші орын алған оппозиция жетекшісі Мирхоссейн Мусавидің жақтастары сайлау қортындысына келіспейтіндерін айтып бұған дейін де биліктің рұқсатынсыз наразылық шерулерін өткізбек болып бірнеше рет әрекеттенгенімен, полиция оған жол бермей қойған-тұғын.
XS
SM
MD
LG