Accessibility links

Бүгін қажылық басталды


Мұсылмандардың қасиетті қалалары Мекке мен Мединада қажылық басталды.

Исламның бес парызының бірі – қажылыққа бару болса, осы жылғы қасиетті орында мінәжат ету шарасына шамамен 2,5 млн адам жиналды. Осы жылы қажылыққа келгендер саны доңыз тұмауына байланысты азырақ болып отыр.

Сауд Арабия үкіметі тұмау эпидемиясына қарсы шараларды қолға алып, қажыларға медициналық жағдай жасаған. Сонымен қатар Мекке мен Медина аймағында 100 мың полиция мен қауіпсіздік күштері тартылған.
XS
SM
MD
LG