Accessibility links

Үндістан мен АҚШ жетекшілері ядролық келісімді аяқтап қалғандарын айтты


АҚШ президенті Барак Обама мен Үндістан премьер-министрі Манмохан Сингх өздерінің ядролық ынтымақтастық келісімін қорытындылап қалғанын айтты.

Бұл келісім Үндістанның азаматтық атом энергиясын иеленуіне жол береді. Обама мен Сингх бұл туралы сейсенбі күні бірлесе өткізген баспасөз мәслихатында айтты.

Үндістан премьері өзінің Обама ядролық келісімді мүмкіндігінше тезірек іске қосады деп сенгенін айтты.

Обама болса Құрама Штаттар Үндістан мен оның ядролық қаруланған көршісі Пәкістан арасындағы қарым-қатынасты жақсарту жолдарын тапқысы келеді деген.

AzattyqTV

27 наурыз

AzatNews

XS
SM
MD
LG