Accessibility links

Иран шеруге шығуы мүмкін деп көптеген студентті ұстаған


Адам құқын қорғаушы батыстық топтар Иран алдағы айдағы студенттер күні оқиғасына байланысты оппозициялық шерудің алдын алу үшін бірнеше студентті қамауға алған деп хабарлап отыр.

Ирандағы адам құқықтары үшін халықаралық науқан жүргізу тобының айтуынша, таяу күндері ондаған студент тергеу алынып, қамалған.

Билік желтоқсанның 7-де болуы мүмкін наразылық шараларын басып тастауға тырысуда дейді құқық қорғаушылар. Иранның оппозициялық вебсайттарында соңғы апталарда бірнеше жас қамауға алынып, оқуларына жіберілмегені айтылған.

Иран полициясы ел оппозициясына 7-ші желтоқсан студенттер күнін үкіметке қарсы жиын ретінде пайдаланбауды ескерткен.

Иран оппозициясы маусым айындағы сайлауда президент Махмуд Ахмадинежад қайта сайланғаннан бері билікке қарсы наразылық шерулерін жиі өткізіп келеді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG