Accessibility links

Айыптаушылар қызыл кхмер түрмесі жетекшісіне 40 жыл беруді сұрады


БҰҰ-ның қолдауындағы Комбоджаның соғыс қылмыстары сотының прокурорлары Пномпендегі аты шыққан Кхмер түрмесінің бұрынғы жетекшісіне 40 жыл түрме жазасын беруге шақырды.

S-21 деп аталған ол түрмеде 1975-1979 жылдары 17 мың адам азапталып өлтірілген. Голландиялық деген лақап аты болған 67 жасар Канг Гекке трибунал алдағы жылы үкім шығарады деп күтіліп отыр.

1970 жылғы Қызыл кхмер коммунистік режимі кезінде болған азаптаулар мен аурулардан және ашаршылықтан 2 млн-нан аса адам қаза тапқан. Канг Гек БҰҰ-ның қолдауындағы сотына тартылған 5 кхмер жетекшісінің алғашқысы болып отыр.
XS
SM
MD
LG