Accessibility links

Обама Ауған стратегиясын алдағы аптада жариялайды


Ақ үйден хабарлағандай, АҚШ президенті Барак Обама өзінің ауған стратегиясын желтоқсанның 1-і күні жариялайды. Ол оны Вест Пойнттағы АҚШ-тың әскери Академиясында халыққа арнаған жолдауы кезінде айтады.

Ақ үй өкілі Роберт Гиббстың айтуынша, Обама алдағы сейсенбі күні өзінің Ауғанстан бойынша стратегиясын жариялайтын болады.

Президент Обама Ауғанстан қақтығысын тоқтатуға бағытталған және бұл елдегі Американың рөлін азайту жөніндегі жоспарын алға тартады.

Обама мен оның ұлттық қауіпсіздік кеңесшілері және әскери жетекшілер Ауғанстан стратегиясын талқылау үшін 10 рет кездесу өткізді.

AzattyqTV

Оңтүстік Қазақстан

Тозығы жеткен Сайрам жолы

XS
SM
MD
LG