Accessibility links

Назарбаев Лукашенкомен келіссөздер өткізуде


Бейсенбі күні Минскіде жүрген Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Беларусь президенті Александр Лукашенкомен келіссөздер өткізуде.

Қазақпарат агентігінің хабарлауынша, бұл кездесуде бірқатар құжаттарға қол қойылады.

Бейсенбі күні кешкісін президент Назарбаев ТМД кеңестігін байланыстырайық атты ақпараттық-байланыс технологиялары саммитіне қатысады. Оған Қазақстан, Беларусь президенттермен қатар Армения, Қырғызстан және Тәжікстан президенттері қатыспақшы.

Қарашаның 27-де Нұрсұлтан Назарбаев Еуразиялық экономикалық қауымдастықтың мемлекетаралық кеңес отырысына қатысады деп жоспарланған.
XS
SM
MD
LG