Accessibility links

Қазақстандық тағы бір ауыр атлет әлем чемпионы болды


Оңтүстік Кореяның Гоянг қаласында ауыр атлетикадан өтіп жатқан біріншілікте тағы бір қазақстандық штангист қыз әлем чемпионы атанды.

Сәрсенбі күні 63 келі салмағында Майя Манез бен ресейлік Светлана Цурукаева бірдей 246 салмақты алды. Қазақстандық Манездің салмағы ресейлік замандасынан аздау болғандықтан, ол әлем чемптоны деп жарияланды.

Осының алдында қазақстандық тағы бір ауыр атлет Зульфия Чиншанло да әлем чемпионы атағын жеңіп алған.

Майя Манезді жеңісімен Қазақстан президенті жеделхат арқылы құттықтаған. 24 жасар Майя Манез бен 16 жасар Зульфия Чиншанло екеуі де этникалық дұңғандар.

Олар осыған дейін Қытайда тұрған, қазақ жеріне 2 жыл бұрын көшіп келіп, содан бері Қазақстанның ауыр атлетика федерациясында жаттығып келеді.
XS
SM
MD
LG