Accessibility links

Беларусь, Қазақстан және Ресей кедендік одақ құрады


Минскіде сапармен жүрген Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Беларусь, Ресей және Қазақстанның кедендік одақ құратын Еуразиялық экономикалық қауымдыстық саммитіне қатысады деп Азаттықтың беларусь қызметі хабарлады.

Назарбаев пен Лукашенко саммит алдында бірқатар келіссөздер өткізуде, онда бірқатар құжаттарға қол қойылады деп Қазақстанның Беларустегі елшісі Анатолий Смирнов хабарлаған. Оның айтуынша, екі ел жетекшісі экономикалық ынтымақтастықты дамытуға бағытталған келісімдер жасайды.

Кедендік одақ құру жөніндегі құжатқа сенбі күні қол қойылып, одақ жұмысын қаңтар айының 1-нен бастайды. Шілденің 1-не дейін Ресей мен Беларустің кедендік бақылау бекеттері жабық болады.

Бір жылдан кейін Қазақстан мен Ресей шекараларындағы кедендік бақылау бекеттері де жабылады.

Лукашенко бұл кедендік одақ Ресейге үлкен қолдау көрсетіп, Қазақстан мен Беларусь осындай одақтың сыртында қалып қоймайды деді.
XS
SM
MD
LG