Accessibility links

Тергеуден қашып жүргендер президенттің елге қайту ұсынысына жауап бермеді


Қазақстанның Бас прокуроры Қайрат Мәми шулы деген қылмыстық іске қатысты тергеуден қашып, шетелде жүргендер президент Назарбаевтың елге оралуға шақырған ұсынысын қабылдай қоймады деп мәлімдеді.

Қазақстан президентінің қылмысын мойындап, елге оралғандарды кешіруге дайын екенін айтқан мәлімдемесіне байланысты Бас прокуратураға ешкім қайрылған жоқ деді ол.

Сонымен қатар ол өз тарапымыздан ондай жұмыс жүріп жатыр дей келе, БТА банкін тонаған деген факті бойынша қозғалған іске байланысты кейбір адамдар бізге келді, біз олардың өтінішін қабылдап, Мирзоев пен тағы бір адаммен арнайы жұмыс жасап жатырмыз деді.

Қарашаның 13-і күнгі халықтың сауалына жауап беруі кезінде, Қазақстан президенті жасаған қателіктерін мойындаған адамдарды кешіруге дайын екенін айтқан.
XS
SM
MD
LG