Accessibility links

Германиялық қолбасшы әуе соққысына қатысты қызметінен кетті


Ауғанстанда ондаған бейбіт тұрғынның өліміне әкелген әуешабуылдарынан кейін Германияның армия офицері қызметінен кетті.

Германия қорғаныс министрі Карл Теодор де Гуттенберг оның орнынан кеткені туралы парламентте мәлімдеді. Министрдің айтуынша, генерал Волфанг Шнайдерхан бұл оқиға туралы нақты мәлімет бере алмаған.

Қыркүйектің 4-де герман қолбасшысы Ауғанстанның Құндыз провинциясының солтүстігінде талибандар қолына түскен екі жүк көлігіне қарсы әуешабуылдарын беруге НАТО-ны шақырған.

Ауған ресмилері ол әуешабуылдарынан 100-ден аса адам қаза тапса, оның кемінде 30-ы бейбіт тұрғын болған деді.
XS
SM
MD
LG