Accessibility links

Алдағы аптада Медведев алғаш рет Бенедикт XVI-мен кездеседі


Ресей президенті Дмитрий Медведев алдағы аптада бірінші рет Рим папасы Бенедикт XVI-мен кездеседі.

Кремлдің хабарлауынша, жоспарлы кездесу желтоқсанның 3-і күні Медведевтің Италияға сапары кезінде болады.

Ватикан мен Ресейдің Православ шіркеуінің байланыстары бірнеше ғасыр текетіресте болып, соңғы жылдары шиеленіс православ діні өкілдерінің ресейліктерді өз дініне көшірді деп католиктерді айыптағанынан кейін күшейіп кеткен.

Бірақ Ресей шіркеуі соңғы кзде өзінің ұстанымын жұмсартып, Мәскеу патриархы мен Рим папасының тарихи кездесуіне дайындық жасап жатқан.
XS
SM
MD
LG