Accessibility links

Ирандық диссидент 6 жылға түрмеге жабылды


Бүгін Иран билігі маусым айындағы президенттік сайлаудан кейінгі шерулерге қатысы үшін зайырлы диссидент Бехзад Набавиді алты жылға түрмеге жапты.

Ақпарат агенттіктерінің айтуынша, бұрынғы өнеркәсіп министрі әрі парламент спикерінің орынбасары болған Набави исламдық құрылымға қарсы шыққаны үшін сотталды деп жазуда. Ол апелляциялық соты басталғанша, кепіл ақшамен бостандыққа шығарылды.

Сонымен қатар бұрынғы президент Мохаммад Хатамидің орынбасары болған Мохаммад Али Абтахи де өткен аптада осындай айыппен 6 жылға түрмеге жабылған еді.
XS
SM
MD
LG