Accessibility links

Шаханов ұлттық бірлік доктринасын сынаған мәлімдеме жасады


Бейсенбі күні қазақстандық бірқатар ақпарат құралдарында «Мемлекеттік тіл» қозғалысының төрағасы Мұхтар Шахановтың президент Назарбаев ұсынған ел бірлігі доктринасын сынаған мәлімдемесін таратты.

Шахановтың сөзіне қарағанда, доктрина қабылданып кетсе “қазақстандық ұлт” деп төлқұжатқа енгізіліп, келешекте қазақ деген ұлтты елдегі этностық топтардың біріне айналдырып жіберу қаупі бар.

Шахановтың мәлімдемесінде, Қазақстан билігіне шарт қойып, 17-ші желтоқсанға дейін ұлттық бірлік доктринасын тоқтатуды талап еткен.

Олай болмаған жағдайда, Мұхтар Шаханов қатарында бірнеше белгілі жазушылар мен қоғам қайраткерлері бар ондаған адам аштық акциясын бастайтындықтарын ескертіп отыр.
XS
SM
MD
LG