Accessibility links

Минскіде Кедендік одақ құру келісіміне қол қойылады


Бүгін Минскіде Қазақстан, Ресей және Беларусь елдерінің жетекшілері Кедендік одақ құру келісіміне қол қояды деп күтіліп отыр.

Азаттықтың беларусь қызметі хабарлағандай, бұл құжат бойынша қаңтардың 1-нен бастап, бірыңғай кедендік тариф күшіне енеді. Бірыңғай экономикалық кеңістікке өтудің қалған іс-шаралары жарты жылдың ішінде жүзеге асатын болады.

Бақылаушылардың айтуынша, Кедендік одақ Ресей, Беларусь және Қазақстанның жалпы ішкі өнімін бес жылдың ішінде 15 пайызға өсіреді.

Бейсенбі күні бұл үш елдің кедендік одағына қосылуға дайындығын Қырғызстан президенті де мәлімдеген.

AzattyqTV

Франциядағы сайлау

Кім президент болады?

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG