Accessibility links

Иран билігі Ширин Ебадиді Нобель сыйлығынан айырды


Ослодағы Нобель комитетіне мәлім болғандай, ирандық құқық қорғаушы, Нобель сыйлығының лауреаты Ширин Ебадиден әлемдік сыйлығын Иран билігі тәркілеп алған.

Ебадиге Нобель сыйлығы 2003 жылы демократияға қосқан үлесі үшін берілген.

Нобель комитетінің айтуынша, Нобель сыйлығының 108 жылдық тарихында алтын медалді тартып алу жағдайы бірінші рет кездесіп отыр.

Норвегияның Сыртқы істер министрлігі бұл оқиғаға байланысты Иран елшісіне наразылық нотасын жолдады.

Ресми Теһраннан бұл жайтқа қатысты жауап болмады. Бірақ Ширин Ебади өзін Иран билігі бәрібір қорқыта алмайтынын айтқан.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG