Accessibility links

Дубайдың қарыз проблемасы қаржы дағдарысын күшейтуі мүмкін


Дубайдың көп көлемдегі қарызы қайтадан қаржы дағдарысын күшейтіп жіберуі мүмкін деген алаңдаушылық туып отыр.

Бейсенбі күні қарызы 60 млд долларға жеткен Дубайдың ірі мемлекеттік компаниясы кредиторларынан төлемдерді өтеу уақытын мамыр айына дейін шегеруді сұраған.

Бұдан кейін инвесторлар банктер мен компаниялардағы үлестерін қайтарып алып, Еуропа мен Азияның қаржы базарындағы баға құлдырады.

Мұнай бағасы да құлады. Жапонның иені АҚШ долларына шаққанда 14 жылдағы ең жоғары көрсеткішпен сатылды.
XS
SM
MD
LG