Accessibility links

Әзірбайжан тұтқындары түрмеде түрлі шабуылдарға тап болады


Еуропалық Кеңестің баяндамасына қарағанда, Әзірбайжан түрмесінде өмірлік жазасын өтеп жатқан сотталғандар түрлі азаптауларға тап болып отыр.

Тергеушілер бұл елдің Гобустан түрмесінің 634 тұтқынын түрме қызметкерлері қинап, күш көрсетіп азаптайтынын анықтаған.

Аталған кеңестің азаптауға қарсы комитеті бұл түрмеде ұрып соғу, тепкіге алу және жыныстық зорлық-зомбылық жасалған дейді.

Еуропалық кеңестің бұл комитеті өздеріне мүше 47 елдегі қамауда отырған адамдар мен психиатриялық емханадағы науқастардың жағдайымен танысуға құқылы.
XS
SM
MD
LG